24.10.2025
01:21:14
ru
kz

Алматыда туризмдегі цифрлық платформалар жұмысы жақсарады

Қазақстан жаңалықтары
23.10.2025
19:00
Алматыда туризмдегі цифрлық платформалар жұмысы жақсарады

Алматыда туризмдегі цифрлық платформалар мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Қожасбаев пен Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаевтың қатысуымен көшпелі кеңес өтті.


 

Кездесу туристік сала өкілдері, банк секторы мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Басты тақырып – туризмдегі цифрлық платформалар, сын-қатерлер мен тәуекелдер, сондай-ақ заңнамалық реттеу жолдары болды.



 

Жиынға Kaspi Bank, Halyk Bank және Freedom Bank, сонымен қатар туристік қауымдастықтар, компаниялар мен салалық ведомство өкілдері қатысты.


 

Кеңес барысында цифрлық платформалардың жұмысын реттеу және туризм саласындағы жұмыспен қамтуды сақтай отырып, ішкі нарықты дамытуға мүмкіндік беретін теңгерімді тетіктерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Freedom Bank пен Halyk Bank өкілдері туристік бизнеспен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ұсынып, бастама қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Ал Kaspi Travel өкілдері түскен ұсыныстарды қарастырып, компания ішінде талқылауға дайын екенін айтып, саланы дамытуға серпін беретін бірлескен шешімдерді іздеудің маңызын атап өтті.


 

Туристік қауымдастық қазіргі жағдай бойынша жан-жақты талдау ұсынып, нарықтағы негізгі мәселелерді атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Туризм индустриясы комитеті, банк секторы және бизнес өкілдері арасында саланы қолдауға және тиімді реттеу құралдарын әзірлеуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.