28.10.2025
23:06:06
ru
kz

Алматы мен Мәскеу арасында теміржол қатынасы ашылды

Қазақстан жаңалықтары
28.10.2025
12:00
Алматы мен Мәскеу арасында теміржол қатынасы ашылды

Алматы мен Мәскеу арасында тікелей теміржол қатынасы ашылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

 


Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

 

2025 жылғы 26 қазанда «Алматы – Мәскеу» бағыты бойынша пойыз жолға шығып, Қазақстан мен Ресей арасындағы тікелей теміржол қатынасы ресми түрде жанданды. Алғашқы рейспен шамамен 40 жолаушы сапарға аттанды.


 

Жаңа бағыттағы пойыз құрамына биыл отандық «ЗИКСТО» АҚ зауытында шығарылған заманауи жолаушылар вагондары енгізілді. Купе және плацкарт вагондары жетілдірілген дыбыс оқшаулау жүйелерімен, заманауи желдеткіш және санитарлық тораптармен жабдықталған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы вагондар қарастырылған. Құрамда 36 орындық бір купе вагоны және 52 орындық бір плацкарт вагоны бар.


 

«Алматы – Мәскеу» бағытындағы вагондар Саратов станциясына дейін №7/8 «Алматы – Саратов» пойызының құрамында жүреді. Саратовта вагондар №85/86 «Дербент – Мәскеу» пойызына тіркеліп, Ресей астанасына дейін жетеді. Алматы-2 станциясынан жөнелту уақыты — 20:20. Мәскеуден кері бағыттағы алғашқы пойыз 30 қазанда жолға шығады.


 

Қозғалыс кестесіне сәйкес, 2025 жылғы 26–30 қазан аралығында пойыздар Алматы-2 станциясынан жұп күндері жөнелтіледі. 1 қарашадан 13 желтоқсанға дейін қозғалыс тақ күндері ұйымдастырылады.


 

Жолаушылар билеттерін ресми bilet.railways.kz сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.