12.12.2025
16:51:46
ru
kz

Әлемдік футболдың басты трофейі Алматыға жеткізіледі

Қазақстан жаңалықтары
12.12.2025
08:05
Әлемдік футболдың басты трофейі Алматыға жеткізіледі

26 қаңтарда Алматы әлемдік футбол қоғамдастығының назарында болады — қалаға FIFA World Cup™️ түпнұсқа кубогы жеткізіледі, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Бұл бірегей іс-шара мегаполис тұрғындары мен қонақтарына әлем футболының басты нышанын көзбе-көз көруге мүмкіндік береді.


 

Трофейдің көрсетілімі халықаралық тур аясында өтеді. Тур Алматы қаласы әкімдігі, Қазақстан футбол федерациясы және іс-шараның демеушісі - Coca-Cola компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған. Бұл шара бұқаралық спортты дамытуға және жастар арасында футболды кеңінен танымал етуге елеулі үлес қосады.


 

Бұл оқиғаның бірегейлігі - трофейдің Алматыда небәрі бірнеше сағат қана болуы. Сондықтан бұл оқиға қаламыз үшін шын мәнінде сирек әрі аса маңызды сәт болып саналады.


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить