19.09.2024
21:41:34
ru
kz

Алакөлге саяхат ұтып ал! «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ пен «Kompas» туроператоры бірлесіп челлендж бастады

Қазақстан жаңалықтары
05.07.2024
11:38
Алакөлге саяхат ұтып ал! «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ пен «Kompas» туроператоры бірлесіп челлендж бастады
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ «Kompas» туроператорымен бірлесіп туризм мен демалыс мәдениетінің маңыздылығын бала тілімен жеткізуге бағытталған #kidsgoeco бірегей челленджін бастады. Аталмыш байқауға қатыса отырып, жеңімпаз өз отбасымен Алакөл көліне баруға ұшақ билеттерін ұтып алуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Байқауға қатысу үшін «Біз Таза Қазақстанды қолдаймыз!» атты видео түсіріп, Instagram желісінде #kidsgoeco және #touroperator_kompas хэштегтерін белгілеу арқылы бөлісу қажет. Үздік reel иегерінің барлық отбасы мүшелеріне Алакөл көліне саяхат мүмкіндігі, атап айтқанда ересектерге арналған 2 әуе билеті* және Kids Go Free бағдарламасы бойынша балалар билеттерін ұтып алуға болады.

Kids Go Free бағдарламасының негізгі шарттары келесіні қамтиды:

- балалар ата-аналарының, ата-әжелерінің, аға-інілерінің (кәмелетке толған) сенімхатпен еріп жүруі тиіс;
- балалар 18 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары болуы тиіс;
- орналасу орнын туроператордан толық турпакет құрамында сатып алу қажет;
- әуе билеттері Алматы-Үшарал-Алматы немесе Астана-Үшарал-Астана рейстеріне қолжетімді;
- әуе билеттерін сатып алу мерзімі 2024 жылғы 23 тамызға дейін, бос күндердің болуын туроператордан нақтылау қажет.

Экотуризмді қолдау мақсатында, сондай-ақ, ішкі туризм мен отбасылық туризмді дамытуға бағытталған байқау ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін өтеді.

Алакөл көлі – отбасылық демалыс үшін тамаша орын. Мөлдір су, құмды жағажайлар және ерекше табиғат аясы әр отбасы үшін ұмытылмас демалыс сыйлайды.
 
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.