21.11.2024
19:56:39
ru
kz

Air Astana су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млрд теңге бөлді

Қазақстан жаңалықтары
09.04.2024
10:30
Air Astana су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млрд теңге бөлді
​Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқынынан туындаған ауыр жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Air Astana тобы Samruk Kazyna Trust қорына 1 миллиард теңге аударады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.
 
Қаражат Samruk-Kazyna Trust қорына аударылады. Сонымен қатар әуекомпания су басқан аймақтарға гуманитарлық көмекті тегін тасымалдауды жалғастырады, жолаушылар үшін қосымша рейстер санын арттырады.

Оған қоса, топ ұжымы өңірге жіберілетін гуманитарлық көмекті ұйымдастыруда.

Air Astana тобы су тасқынынан зардап шеккен мекендерге гуманитарлық жүктерді тегін тасымалдауды жалғастыруда. Бүгінгі таңда топ Air Astana және FlyArystan ұшақтарымен Алматыдан Оралға және Алматы мен Астанадан Атырауға 8 мың кг. гуманитарлық жүкті тегін тасымалдап, алдағы рейстермен қосымша 12 мың кг астам жүк жеткізуді жоспарлап отыр. Гуманитарлық жүкті тасымалдауды одан ары жалғастыруға ниетті. 

Air Astana 9 сәуірде Алматыдан Атырауға және кері орындалатын рейстерден басқа, 10, 11 және 12 сәуір күндері де Алматыдан Атырауға және кері бағытта қосымша рейстерін жүзеге асырады.  

Air Astana су тасқынынан зардап шеккендерге жанашырлық танытып, еліміз үшін осы қиын кезеңде жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуде.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.