26.02.2026
13:08:54
ru
kz

15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағына өзгеріс енеді

Қазақстан жаңалықтары
26.02.2026
10:21
15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағына өзгеріс енеді

Air Astana 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағының сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы түрде жабылуына байланысты рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Өзгерістер Астанадан Алматы, Қостанай, Өскемен, Атырау және Ақтөбе бағыттарына, сондай-ақ Астанадан Сеул, Франкфурт, Бейжің, Ташкент, Дубай, Фукуок, Нячанг және Ыстанбұл бағыттарына орындалатын тұрақты рейстерге әсер етеді. Өзгерістерге ұшыраған рейстердің жолаушылары брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабардар етілуде.


 

Рейстің мәртебесін Брондау және ақпарат орталығынан білуге болады: help.airastana.com, +7 727 244 4477, +7 702 702 4477, +7 727 244 4478 (рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы жағдайда), +7 702 702 0074 (WhatsApp), Online чат: airastana.com.

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить