07.12.2024
07:22:40
ru
kz

11 мыңға жуық қандас пен қоныс аударушыға интеграциялық қызмет көрсетілді

Қазақстан жаңалықтары
05.11.2024
16:50
11 мыңға жуық қандас пен қоныс аударушыға интеграциялық қызмет көрсетілді
Жыл басынан бері ҚР Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне тұрақты тұруға өз еркімен көшіп келген 10,9 мың қандас пен қоныс аударушы бейімдеу және интеграциялық қызметтердің 25 түрімен қамтылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Қоныс аударушылар мен қандастарға ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық әрі білім беру қызметтері көрсетіледі, бұл олардың қоныстану аумақтарында бейімделуі мен интеграциялануына және жаңа тұрғылықты жерінде орнықтыруына ықпал етеді. Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша аталған қызметтермен 8 719 қандас және 2 161 қоныс аударушы қамтылды.

Бейімдеу және интеграциялық қызметтер тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына ерікті түрде қоныс аударудың мемлекеттік шараларына қатысуға ниет білдірушілер өтініш білдірген сәттен бастап көрсетіледі. Мансап орталығының қызметкері қоныс аудару аумақтарына қоныс аудару шарттары және қажетті құжаттар тізімі бойынша алғашқы кеңес береді.

Қоныс аудару өңірін айқындау алдында қоныс аударушыға не қандасқа: өңірлік квотаға енгізу туралы, уақытша орналастыру орталықтарының қызметтері, бейімдеу және интеграциялық қызметтер мен басқа да қолдау шаралары туралы барлық қажетті ақпарат беріледі.

Құжаттарды қабылдау «Қандас» немесе «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Қоныс аударушымен және/немесе қандаспен бірлесіп бейімделу және интеграциялау жөніндегі жеке жоспар қалыптастырылады, оған сәйкес жаңа тұрғылықты жеріне көшу және жайластыру өтеді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.