01.07.2025
00:06:59
ru
kz

Заңсыз жүрген 15 Африка азаматы елден шығарылды

Оқиғалар
16.04.2024
15:15
Заңсыз жүрген 15 Африка азаматы елден шығарылды
Қазақстанда заңсыз жүрген Африка азаматтары елден шығарылды, – деп хабарлайды

Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.

Алматылық көші-қон қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 15 азаматы елден шығарылды.

"Аталған шетелдіктер біздің елде болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған, атап айтқанда, заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот қаулысымен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Ол бірнеше кезеңмен өтеді", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.


 
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.