17.04.2025
07:09:59
ru
kz

Пойызда билетсіз жүрген жолаушыларға қатысты 14 факті тіркелді

Оқиғалар
08.04.2025
12:00
Пойызда билетсіз жүрген жолаушыларға қатысты 14 факті тіркелді
ҚТЖ ревизорлары пойыздарда тексеріс жүргізу барысында билетсіз жолаушыларды анықтады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл  туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

ҚТЖ билетсіз жолаушыларды тасымалдауға жол бермеу бағытында кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. Бұл ретте пойыз бригадалары жұмысының ашықтығын арттыру мақсатында қоғам белсенділері мен масс-медиа өкілдерінің қатысуымен тұрақты ішкі тексерулер жүргізілуде.

2025 жылдың наурыз айының соңында №85/86 «Астана – Шымкент» және №3/4 «Астана – Алматы» бағыттарындағы пойыздарға жүргізілген тексеріс барысында алты жолаушының билетсіз жүргені анықталды.

Қазіргі уақытта аталған фактілерге байланысты қызметтік тексерулер жүргізілуде. Нәтижесінде кінәлі пойыз бригадаларының қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жұмыстан босатылады. Жыл басынан бері билетсіз жолаушыларға қатысты 14 факті тіркелді. Мұндай ішкі бақылау шаралары Ұлттық тасымалдаушының барлық бағыттары бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылуда.

ҚТЖ азаматтарды билетсіз тасымал және билеттердің заңсыз қайта сатылу жағдайлары туралы хабарлап, бұзушылықтардың алдын алуға бірге үлес қосуға шақырады.


 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.