19.09.2024
21:35:42
ru
kz

Астанада қатты желден Air Astana ұшағына зақым келді

Оқиғалар
09.08.2024
00:05
Астанада қатты желден Air Astana ұшағына зақым келді
Астана-Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсін орындауға жоспарланған ұшақ қатты жел кезінде елордалық әуежайда контейнердің соққысынан зақымданды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Ұшақты ауыстыруға байланысты рейс әзірше 2 сағатқа кешіктірілді.

"Air Astana ұшағына қатысты ақпарат. Жағдай елордадағы ауа-райының күрт нашарлауына, атап айтқанда бұршақпен қатар болған қатты екпінді желге байланысты орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта борт ауыстырылып, ұшаққа жанармай құйылуда, рейс жақын арада ұшады. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп мәлімдеді елорда әуежайының баспасөз қызметі.

Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.