Оңтүстік Кореяда K-pop фанаттары мен көшпенділердің сандық визасы пайда болды

Шетелдік жаңалықтар
04.01.2024
15:22
Оңтүстік Кореяда K-pop фанаттары мен көшпенділердің сандық визасы пайда болды
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігі жұмыс визаларын беруді бастады. Соның арқасында қазақстандықтар Кореяда отбасымен екі жылға дейін тұра алады.

Workcation «жұмыс» және «демалыс» дегенді білдіреді. Бұл көшпенділердің сандық визасы деп те аталады. Себебі ол басқа елде ұзақ уақыт болған кезде қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осылайша, шетелдіктер аталмыш елде өз компанияларында қашықтан жұмыс істей алады.

K-pop

Виза алу үшін шетел азаматтары кемінде 18 жаста және өз мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс істеуі керек екен. Сондай-ақ олардың жылдық табысы Кореяның өткен жылғы жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табысынан (ЖҰӨ) екі есе көп болуы қажет.

K-pop





 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.