Саяхаттауға кәсіби гид іздеп жүрсіз бе?

Басты жаңалықтар
13.01.2026
16:52
Саяхаттауға кәсіби гид іздеп жүрсіз бе?

Kazakhstan Travel ресми туристік порталында елдің әртүрлі өңірлерінде қызмет ететін сертификатталған гидтер мен экскурсоводтарды таңдай аласыз, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Тізілімдегі мамандар өз біліктілігін растады және бейдждер иеленді. Бүгінде порталда Алматы және Алматы облысы, Астана, Шымкент, Маңғыстау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары еңбек ететін гидтер бойынша ақпарат ұсынылған.


 

Тізілім қажетті өңірден гид таңдауға, қаламен, табиғи бағыттармен, мәдени-тарихи нысандармен немесе жергілікті дәстүрлермен танысу үшін маршрут пен сүйемелдеудің форматын алдын ала талқылауға мүмкіндік береді


 


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.