Роман Скляр Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өткізді

Басты жаңалықтар
04.02.2025
15:53
Роман Скляр Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өткізді
Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz. 

Елордада Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті. Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ тау шаңғысы индустриясының өкілдері мен халықаралық компаниялардың мамандары қатысты.

Кездесу барысында STEM International компаниясының басшысы Винсент Тассар өңірдегі тау шаңғысы туризмін дамыту жобасын таныстырды.

Жобаның негізгі мақсаттары:

1. «Шымбұлақ» курортын кеңейту және оны «Ой-Қарағай» демалыс аймағымен біріктіру.
2. Аспалы жолдар санын 13-тен 35-ке дейін арттыру.
3. Курортқа келетін бір күндік туристер санын 6 мыңнан 24 мың адамға дейін көбейту.
4.Тау шаңғысы трассаларының ұзындығын 41 шақырымнан 90-124 шақырымға дейін ұзарту.
5. Жыл сайынғы туристік ағынды 5 миллион адамға дейін көбейту.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.