Қытайдан Қазақстанға келетін туристер саны 17 есеге өсті

Басты жаңалықтар
15.01.2024
13:00
Қытайдан Қазақстанға келетін туристер саны 17 есеге өсті
Соңғы бірнеше айдың ішінде Қытайдан елімізге келген туристер ағыны 17 есеге артқан, деп жазды Travelpress.kz.

Бұл туралы «24KZ» арнасы хабарлады.

Бұған екіжақты визасыз режим мен тікелей рейстердің ашылуы себеп болған.

Елімізге Түркия, Үндістан және АҚШ азаматтары да жиі келетін болған. Сондай-ақ, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстаннан туристер саны да артты.

"Қазақстан өзінің бірегей ландшафттарымен және мәдени мұрасымен туристерді тартады. Шетелдік саяхатшылар Астана, Алматы, Шымкент сондай-ақ Түркістан мен Атырау өңірлеріне баруды жөн көреді. Біз экотуризмге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын байқап отырмыз», - деді "Kazakh Tourism ҰК" АҚ төрағасы Әлішер Тұрсын.


Айта кетейік, жақында туристік жарна алынып тасталған еді.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.