Еуропа елдерінің елшілері Баянауылдан ерекше әсер алды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Еуропа елдерінің елшілері Баянауыл ұлттық паркіне танысу сапарымен барып, өлке табиғатының сұлулығына, қонақжайлылығына және Павлодар облысымен ынтымақтастықтың мүмкіндіктеріне таңданыстарын білдірді.
Сапар «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, ҚР Сыртқы істер министрлігі және Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылып, аймақтың инвестициялық және туристік әлеуетін, оның бірегей табиғи және мәдени көрікті жерлерін көрсетуге бағытталды.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған делегацияны өзі қарсы алды. Делегация құрамында Венгрия, Латвия, Литва, Нидерланды, Португалия, Румыния, Сербия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония елдерінің және Еуропалық Одақтың елшілері болды.
Өңір басшысы делегацияға аймақтың экономикалық дамуы мен екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы презентация жасап, шетелдік дипломаттардың шынайы қызығушылығын тудырды және экономика салаларында ынтымақтастықты дамытуды көздейтін ниеттерін оятты.
Елшілер Баянауыл ұлттық паркіне барып, Қазақстанның маңызды туристік нысандарының бірімен танысты. Олар "Қоңыр әулие" үңгірі, "Кемпіртас" жартасы, сондай-ақ Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерін аралап, жаяу экскурсияға қатысты. Делегация Баянауылдағы академик Қаныш Сәтпаевтың мемориалдық музейіне де барып, Қазақ ғылым академиясының негізін қалаушының өмір жолымен және елдің ғылымына қосқан зор үлесімен танысты.
Дипломаттар Баянауылдың табиғи сұлулығына таңданыстарын білдіріп, шетелдік туристерді тартудағы зор әлеуетін атап өтті.
Айта кету керек, 2023 жылы Баянауыл Қазақстанның ең танымал табиғи көрнекі жерлерінің бестігіне кіріп, аймаққа туристік ағым екі есеге артты, бұл оның өсіп келе жатқан танымалдығын растайды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.