Елімізде балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту әлеуеті талқыланды

Басты жаңалықтар
13.01.2025
17:40
Елімізде балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту әлеуеті талқыланды
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту әлеуеті талқыланды, деп хабарлайды Travelpress.kz

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелеріне арналған диалог алаңы өтті. Іс-шараға ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов, ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов, мемлекеттік органдардың өкілдері және балалардың сауықтыру лагерлерінің басшылары қатысты.

Жиынға қатысушылар балалар лагерлерінің инфрақұрылымын жаңғырту, мекемелерді лицензиялау, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. Сонымен қатар жасөспірімдерді жұмыспен қамту және туристік нысандарда білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша ұсыныстарға ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында  Нұртас Кәріпбаев балалар-жасөспірімдер туризмін тиімді дамыту үшін лагерьлердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, әрбір отбасы үшін қолжетімді ету және қауіпсіздіктің заманауи стандарттарын енгізу қажеттігін атап өтті. Бұл шаралар балалардың жан-жақты дамуына және белсенді демалуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Диалог балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға және еліміздің жас буыны арасында белсенді демалысты насихаттауға бағытталған шешімдерді әзірлеуде маңызды қадам болды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.