Еліміз халал туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие - Қайрат Сәдуақасов

Басты жаңалықтар
10.12.2024
21:45
Еліміз халал туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие - Қайрат Сәдуақасов
Астанада Global Muslim Travel Index негізін қалаушы, Crescent Rating & Halal Trip атқарушы директоры Фазал Бахардинмен кездесу өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Оған Қазақстанның жетекші туристік операторлары және халал бизнестің өкілдері қатысты. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық мүмкіндіктерін, халал туризмінің дамуына қатысты өзекті үрдістерді және мұсылман туристері үшін қажетті инфрақұрылым мәселелерін талқылады.

Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов Қазақстан халал туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті. Қазіргі уақытта елімізде халал стандарттарына сәйкес қызмет көрсететін қонақүйлер мен қоғамдық тамақтану орындары бар.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, 2028 жылға қарай мұсылман туристерінің жұмсайтын шығындары 225 миллиард долларға жетуі ықтимал.

«Мұсылман туристік нарығы қарқынды өсім көрсетіп келеді. Біздің болжамымыз бойынша биыл мұсылман саяхатшыларының саны 175 миллионға жетеді. Бұл жалпы халықаралық туристер үлесінің 11-12%-ын құрайды. Қазақстан бұл бағыттағы нарықта үлкен әлеуетке ие. Барлық Орталық Азия аймағы, оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан мұсылман туристері үшін тартымды бағыт болып табылады», - деп Фазал Бахардин әлемдік туризм нарығындағы қазіргі үрдістерге кеңінен тоқталды.

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.