Қазақстан — бельгиялық Porschist Magazine журналында
Еуропа аумағында кеңінен таралатын журнал Қазақстанға арналған арнайы шығарылымын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Жоба аясында журналистер Алматы мен Астана қалаларын, Байқоңыр мен Шымкентті, сондай-ақ Алматы, Түркістан және Ақмола облыстарын аралады.
Арнайы шығарылым Қазақстанды бірегей саяхаттар мен шабыт сыйлайтын әсерлер мекен ретінде таныстырып, мәдениет пен туризм үндескен ерекше бағыт ретінде көрсетеді.
Жоба «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның, сондай-ақ өңірлік туристік кеңселер мен жеке серіктестердің қолдауымен жүзеге асырылды.
