Алматы Бейжіңде өткен халықаралық туристік көрмеде марапатқа ие болды

Басты жаңалықтар
18.07.2025
14:00
Алматы Бейжіңде өткен халықаралық туристік көрмеде марапатқа ие болды

Алматы Бейжіңдегі халықаралық туристік көрмеде марапатқа ие болды, деп хабарлайды Travelpress.kz.



Алматы стенді Бейжіңде Best Organizing Award марапатын алды. 2025 жылы 27-29 маусым аралығында қала Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең ірі көрмелердің бірі – BITE 2025 көрмесінде өзінің туристік әлеуетін таныстырды.



Стенд қонақтары Алматының мәдени мұрасымен танысты: ұлттық музыка шырқалып, қазақ асханасы ұсынылды, қолданбалы өнердің элементтері мен авторлық зергерлік бұйымдар көрсетілді.



Іс-шара барысында Қытайдан 2025-2026 жылдары 36 мыңнан астам турист тартуға бағытталған 30 келісімге қол қойылды.


 

Қытай Алматы туризмі үшін негізгі нарықтардың бірі болып қала береді: 2024 жылы қалаға ҚХР-нан 99 167 турист келген, бұл шетелдік қонақтардың жалпы санының 14,4%-ы.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.