Agoda платформасы елімізді Азияның ең үздік 4 қысқы бағыты қатарына қосты

Басты жаңалықтар
15.01.2026
18:04
Agoda платформасы елімізді Азияның ең үздік 4 қысқы бағыты қатарына қосты

Agoda цифрлық туристік платформасы Алматы қаласын Азияның 2026 жылғы үздік қысқы курорттық бағыттарға қосты, деп хабарлайды Travelpress.kz.



Бұл тізімде Қазақстанмен қатар Жапониядағы Нисеко, Үндістандағы Гульмарг және Оңтүстік Кореядағы Пхенчхан курорттары ұсынылады.



Алматы динамикалық туристік бағыт ретінде ерекшеленеді және саяхатшыларды заманауи қалалық мүмкіндіктер, көркем табиғи ландшафттар және бай мәдени өмірдің үйлесімімен тартады.


 

Agoda сарапшыларының пікірінше, Азиядағы қысқы курорттар туристерге табиғи әдемілік,  инфрақұрылым және мәдени әртүрліліктің бірегей үйлесімін ұсынады.


 

Agoda - Оңтүстік-Шығыс Азияда танымал сандық туристік платформа және Booking Holdings корпорациясына кіреді. Сервис 6 миллионнан астам қонақ үй мен туроператорды, 130 000 астам әуе бағытын және 300 000 астам іс-шараны ұсынады.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.