Қыркүйекте 3 теміржол туры жолға шығады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
2025 жылғы қыркүйекте Қазақстан мен Өзбекстанның қалаларын байланыстыратын 3 теміржол туры жоспарланған. Туроператорлар туристік пакеттерді көпшілікке ұсынып, қос елдің мәдени мұрасымен танысуға және Ұлы Жібек жолы керуендерінің ізімен жүруге шақырады.
3 маршрут Алматы қаласынан басталады және ұзақтығы 5-7 күнді құрайды. Туроператорлар қазірдің өзінде туристік топтарды жинақтауға кірісті. Саяхатшыларға мәдени бағдарламалар, кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен экскурсиялар, заманауи вагондарда жайлы орналасу, ішінара тамақпен әрі көлікпен қамтамасыз етіледі.
«Khan-Turan Travel» туроператорының «Jibek Joly 5.0» бағдарламасы 21 қыркүйекте басталады. Бұл - биылғы бесінші тур. Бағдарда Алматы, Түркістан, Ташкент, Самарқанд, Бұқара қалалары бар. Саяхат барысында туристер ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің отаны Отырармен де танысады. Сонымен бірге Тараз бен Шымкент қалаларында туристердің міну және түсу мүмкіндігі қарастырылған.
Тур жайлы толық ақпаратты келесі телефондар арқылы білуге болады:
Екінші турды «Тұран Қазақстан тревел» туристік компаниясы ұсынады. 26 қыркүйекте туристік пойыз жолға аттанады. Оның аясында «Алматы – Самарқан – Бұқара – Ташкент – Түркістан – Алматы» бағыты бойынша саяхат ұсынылады.
Бағдарлама жайлы кеңірек білуге мүмкіндік бар:
+7 701 318 89 34 -Тұран Қазақстан тревел
+7 771 571 97 57 - Grand Soluxe
+7 777 214 52 65 - Азия Дискавери
Үшінші «Keruen Express» деп аталатын тұрақты тур 30 қыркүйекке жоспарланған. Оның бағдары: «Алматы-Түркістан-Самарқан- Бұқара-Ташкент-Алматы». Бағдарлама аймақтың мәдени мұрасымен танысуға бағытталған.
Қосымша ақпаратты «Skyway» туркомпаниясынан алуға болады: +7 747 040 74 05
Мемлекетаралық турлар Орталық Азияда бірыңғай туристік кеңістік қалыптастыруға, өңіраралық туризмді дамытуға және ортақ тарихи мұраны дәріптеуге ықпал етеді.