Туризм индустриясы комитеті туризм саласындағы алаяқтыққа қарсы күресті бастады

Қазақстан жаңалықтары
30.09.2024
10:46
Туризм индустриясы комитеті туризм саласындағы алаяқтыққа қарсы күресті бастады
ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті туризм саласындағы алаяқтыққа қарсы күрес шараларын қабылдауда, деп хабарлайды Travelpress.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туркомпаниялардың шарт талаптарын бұзғаны туралы азаматтардан түсетін шағым көбейіп кетуіне байланысты тұтынушылар құқығын қорғау шараларын күшейтеді.

Туристер жосықсыз ұйымдар мен жеке тұлғалардың алаяқтық әрекеттері туралы хабарлап, реттеуші органдардың назар аударуын талап етуде. Алаяқтық фактілері анықталған жағдайда Туризм индустриясы комитеті құқық қорғау органдарына тергеу жүргізу үшін жедел сұрау жібереді. 

Азаматтарды туристік компанияларға жүгінер алдында қырағы болуға және туристік агенттіктің лицензиясы бар-жоғын тексеруге шақырамыз. Ел тұрғындары алаяқ компанияларға алданып қалмау үшін Туризм индустриясы комитетінің сайтында сенімді туроператорлардың, турагенттердің, гидтердің және экскурсоводтардың тізімі орналастырылған. Бұл туристерге сапарларын тексерілген және сенімді туроператорлармен ұйымдастыруға көмектеседі.

Қазіргі таңда Туризм индустриясы комитеті 50-ден астам сот ісіне үшінші тарап ретінде қатысып жатыр. Оның ішінде 40-қа жуық істе талапкерлер үшін оң шешім қабылданды. Жуырда сот турагенттер мен туроператорлардың біріне қарсы істі қанағаттандырып, агенттікті тізімнен шығарып, лицензиясын алып қойды.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.