«Сапа белгісі» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау жалғасуда

Қазақстан жаңалықтары
11.08.2025
12:25
«Сапа белгісі» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау жалғасуда

Бағдарлама Қазақстандағы қызмет сапасын арттыруға және ілгерілетуге, сондай-ақ туристік саланы дамытуға бағытталған тұрақты жұмыс істейтін платформа болып табылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Қазіргі уақытта өтінімдер төрт бағыт бойынша қабылданады:


туроператорлық қызмет


орналастыру орындары


қоғамдық тамақтану орындары


гидтер мен экскурсоводтарды дайындайтын оқу мекендері 


 

«Сапа белгісі» иегерлері «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясынан өз қызметтерін ілгерілету бойынша маркетингтік қолдау көрсетіліп, арнайы тізілімге енгізіледі. 


 

Толтырылған өтінімді және қызмет түріне байланысты қосымша құжаттарды поштаға product@qaztourism.kz жіберуіңізді сұраймыз.


 

Сапа белгісі бағдарламасының талаптарымен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз. https://www.tourismonline.kz/quality-mark.


 

2024 жылы жылы туристік бизнестің 35 ұйымы - туроператорлар, орналастыру орындары, тамақтану мекендері «Сапа белгісі» иегерлері атанды.


 

Сондай-ақ, «Visit Astana» және «Kazakh Tourism» компанияларының бірлескен серіктестік бағдарламасы аясында елордалық 54 кәсіпорын сапа белгісінің иегері атанды.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.