Танымал «Повара на колесах» гастрономиялық тележоба аясында белгілі шеф-аспаздар фудтракпен түрлі қалаларды аралап, өңірлердің мәдениетімен және асханасымен танысады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Әр бөлімнің финалында қала орталығында кулинарлық сайыс ұйымдастырылады.
Бағдарлама Первый канал эфирінде көрсетіледі, оның күнделікті аудиториясы шамамен 20 миллион көрерменді құрайды. Әлеуметтік желілерде жобаның видеолары 17 миллионнан астам қаралым жинайды.
2026 жылғы ақпанда Қазақстанға арналған шығарылымдар жарық көрді.
Түсірілімдерді ұйымдастыру және өткізу барысында Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-пен бірлесіп әкімшілік қолдау көрсетіп, процестерді үйлестіруді және жергілікті серіктестермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етті.
Осындай ауқымды халықаралық медиа-жобаларға қатысу Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге және елдің шетелдік аудитория алдындағы тартымды имиджін нығайтуға ықпал етеді.
