Құтқарушылар Алматы тауларында зардап шеккен туристке көмек көрсетті

Қазақстан жаңалықтары
24.02.2026
16:00
Құтқарушылар Алматы тауларында зардап шеккен туристке көмек көрсетті

Үлкен Алматы көлдеріне қарай құбыр бойымен көтеріліп бара жатқан екі қыздың бірі, жол барысында аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмай қалған, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Оқиға орнына жедел түрде ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары мен ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы шықты. Мамандар зардап шегушіге жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, таудан төмен түсірді.


 

Тау баурайында оны Апаттар медицинасы орталығының бригадасы күтіп алып, Алматы қаласындағы медициналық мекемеге жеткізді.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.