ҚТЖ осы жазда 4 млн-нан астам жолаушы тасымалдады

Қазақстан жаңалықтары
16.09.2024
13:40
ҚТЖ осы жазда 4 млн-нан астам жолаушы тасымалдады
2024 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 4 млн 207 мың жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. Аталмыш көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға жоғары.

Осы жазда республикалық маңызы бар қалалар арасында жолаушылар ағыны бойынша Алматы көш бастады – бұл қаладан 730 мың адам жолға шықты. Елордаға 580 мыңнан астам жолаушы келсе, Шымкентке 260 мыңға жуық жолаушы сапар шекті.

Ұлттық тасымалдаушы Бурабай курорты бағыты бойынша электр пойыздарымен 154 мың жолаушыны тасымалдады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары.

Осы жазда Алакөл жағалауына Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан, сондай-ақ, алғаш рет Қызылордадан 12 бағыт бойынша пойыздар жүрді. Он бағытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ, ал екі бағытта жеке тасымалдаушылар қызмет көрсетті. Жолаушылардың жайлылығы үшін Ұлттық тасымалдаушының пойыздары ауа баптау жүйесімен жабдықталған вагондармен қамтамасыз етілді. Жазғы маусымда Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен Алакөлге 270 мыңнан астам жолаушы жеткізілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 144 бағыт бойынша пойыздар жүреді, оның 103-і «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға, 31-і жеке компанияларға, ал 10-ы өзге теміржол әкімшіліктеріне тиесілі.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.