Қытайдың Loong Air әуекомпаниясы қазақстандық туризмді ілгерілетеді

Қазақстан жаңалықтары
20.06.2024
18:36
Қытайдың Loong Air әуекомпаниясы қазақстандық туризмді ілгерілетеді
Қытайдың Loong Air әуекомпаниясы қазақстандық туризмді ілгерілететін болады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Алматыда 2024 жылғы 20 маусымда Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі конференция шеңберінде "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ мен "Zhejiang Loong Airlines Co. Ltd" арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Кайрат Садвакасов Loong air

Іс-шара аясында "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Садвакасов Қытайдың Чжэцзян провинциясынан келген ресми делегациямен кездесу өткізді. 

"Қытайдағы Қазақстан туризм жылы екі ел арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуда. Жақында өткен кеңесте ҚР Президенті Қ. К. Тоқаев Туризм жылының маңыздылығын, сондай-ақ әуе көлігін дамыту қажеттігін атап өтті, осы тұрғыда Kazakh Tourism мен Loong Air арасындағы ынтымақтастық аса уақытылы болып табылады", - деп атап өтті Қайрат Садвакасов. 


Қол қойылған құжат Қазақстанды Қытайда тартымды туристік дестинация ретінде ілгерілетуге және елдер арасындағы рейстер саны мен туристік ағымды ұлғайту мақсатында маркетингтік ынтымақтастыққа бағытталған. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Loong Air әуекомпаниясы Алматыдан Ханчжоуға тұрақты рейстерді орындай бастады. Шанхайдан 45 минуттық жерде орналасқан Ханчжоу қаласына рейстер аптасына 4 рет орындалады.

Кайрат Садвакасов Loong air

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жыл ресми түрде Қытайдағы Қазақстан туризм жылы болып жарияланды. Ағымдағы жыл ішінде Қазақстанды қытайлық туристер арасында ілгерілетуге бағытталған 30-дан астам түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Қазірдің өзінде визасыз режим мен елдер арасындағы тікелей рейстердің, сондай-ақ Туризм жылы аясындағы іс-әрекеттердің арқасында Қазақстан бағыты қытайлық саяхатшылары үшін тартымды дестинацияға айналуда. Қазіргі уақытта брондалған сапарлар саны бойынша Қазақстан қытайлық туристер арасында сұранысқа ие елдер тізімінде 40-орыннан 29-орынға көтерілді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.