Қытайда Қазақстан туризмі туралы түсірілген деректі фильм көрсетілді

Қазақстан жаңалықтары
03.07.2024
14:06
Қытайда Қазақстан туризмі туралы түсірілген деректі фильм көрсетілді
Қытайлық медиакорпорация өз көрермендеріне Қазақстан туризмі туралы түсірілген деректі фильмін көрсетілді, деп жазды Travelpress.kz.

Бұл туралы «24.kz» телеарнасы мәлім етті.

Қазақ даласының тамылжыған табиғаты жайлы туынды аспан асты еліне бүгінен бастап жол тартады. Сондай-ақ China Media Group пен Хабар агенттігі фильмді қазақстандық аудиторияға тарату туралы келісімге келді. Бұл туралы бүгін екі ел арасындағы «Тату көршілік байланыстың жаңа бастамасы» атты іс-шарада айтылды.

Таулары аспанмен таласқан алып Алматы, ондағы Үлкен Алматы көлі, қызғылт құм, алып аңғар – Шарын шатқалы, Тянь-Шань бөктерінде орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығы, тарихы терең Түркістан мен әсем қала Астана. Аспан асты елінің алып медиакорпорациясы түсрілім жұмыстарын дәл осы жерлерде жасағаны тегін емес. Бұл Қазақстан туризмінің қайнар көзіне айналған аймақтарының бірі. Деректі фильмде бұл орындардың көз жауын алатын көрінісінен бөлек, екі ел арасындағы қатынасты нығайтудың маңыздылығы айтылады.

«Осы деректі фильм Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы аясында түсірілді», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Шырын Мусина.

 
Түсірілім 2024 жылдың 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында Қазақстанның негізгі туристік орындарында өтті. China Media Group – теле, радио, интернет және өзге де платформалар арқылы хабар таратады. Компания әлемге қытай халықының мәдениеті мен ұстанымын насихаттайды.
Аталған корпарациямен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы қос ел арасындағы туристік ынтымақтастықты нығайту аясында меморондумға қол қойды.

«Ұлан-байтақ дала мен өзендер, сәулеті келіскен құрылыстар, жылы шырайлы адамдар. Бұл өлең жолдарына ұқсас теңеулер төраға Си Цзиньпиннің Қазақстанға берген бағасы. Сондай-ақ Қытай халқының Қазақстанға деген көзқарасы. Бүгін осындай тамаша әсермен біз Қытай орталық радиосы мен телеарансы атынан «Тату көршілік байланыстың жаңа бастамасы» атты Қытай-Қазақстан халқы арасындағы мәдени алмасу шарасын бастау үшін жиналып отырмыз»,- деді China Media Group медиакорпарациясының басшысы Шэнь Хайсюн.


Форумда сөз сөйлеген Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекет басшысының құттықтау хатын оқыды. Президент қазақ-қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жыл өткен сайын нығаюуына мәдени гуманитарлық байланыстың ықпалы жоғары екеніне ерекше тоқталған. 

«Атап айтқанда шығармашылық топтардың қойылымдары, музей көрмелері, көркем экспозициялар, киноиндустриядағы жаңа фильмдердің көрсетілімі, ескерткіштердің ашылуын ұйымдастыру өте маңызды. Қытай-Қазақ гуманитарлық мәдени орталығы Республикамызда Қытай орталығы ашылып жатыр. Біздің мемлкетіміздің басшылары олардың жеке достығының арқасында бүгінде қазақ пен қытай арасында ынтымақтастық нағыз қайта өрлеуді бастан өткеріп отыр», - деді ҚР Мәдениет және ақпарат  министрі Аида Балаева.

 
Қос мемлекет арасындағы алыс-беріс жыл сайын артып келеді. Былтыр Қазақстан экономикасына Қытай елінен тартылған инвестиция көлемі 25 млрд доллардан асқан. Енді екі ел медиа саласын да қамтымақ.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.