Қыркүйектен бастап Air Astana жаңа рейстерді іске қосады

Қыркүйектен бастап Air Astana жаңа рейстерді іске қосады
Air Astana 10 қыркүйектен бастап сейсенбі мен жұма күндері Airbus А320 әуе кемесінде орындалатын Шымкент-Жидда жаңа тікелей рейсіне билеттерді сата бастады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

КС 235 рейсінің Шымкенттен Жиддаға 09.30-да ұшып шығып, Жиддаға 13.05-те ұшып келеді. КС 236 рейсінің Жиддадан Шымкентке 15.35-те ұшып шығады, Шымкентке сағат 23.00-де жетеді. Мұнда әуежайлардың жергілікті уақыты көрсетілген. Ұшу ұзақтығы - 5 сағат 35 минут. Эконом-кластағы барып қайту билеттердің ең төменгі құны алымдардың барлығын қосқанда 384 600 теңге, бизнес-класта - 864 309 теңге. Естеріңізге салайық, Жиддаға ұшу Алматыдан да бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Сонымен қатар, Астана әуежайының түнгі уақытта жабылуына байланысты, Air Astana 8 тамыздан бастап Алматы-Қарағанды тікелей рейсін іске қосады. Рейс елордалық әуежайда жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін бейсенбі, жұма және сенбі күндері орындалады.

КС 311 рейсінің Алматыдан Қарағандыға 21.20-да ұшып кетіп, Қарағандыға 22.50-де келуі. КС 312 кері рейсі Қарағандыдан Алматыға 23.50-де ұшады және Алматыға 01.20-да келеді. Ұшу ұзақтығы - 1 сағат 30 минут. Эконом-кластағы алымдармен бірге барып қайту билеттердің ең төменгі құны 35 179 теңге, бизнес-класта - 104 529 теңге.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.