Kids go free бағдарламасымен 2000-ға жуық бала тегін ұшты

Қазақстан жаңалықтары
12.01.2024
11:04
Kids go free бағдарламасымен 2000-ға жуық бала тегін ұшты
2023 жылдың қорытындысы бойынша 13 туристік компания бағдарлама аясында 920 турды іске асырды, оның шеңберінде 1 975 бала ел ішінде саяхатқа тегін ұшу мүмкіндігін пайдаланды.

Туризм
Бұл туралы ҚР Туризм және спор министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Өтеу сомасы 90,0 млн. теңгені құрады. Балалар авиабилеттерінің құнын шегергендегі сатылған турлардың құны 458,0 млн. теңгені құрады.
 
Ең көп таралған бағыт – «Алакөл» болып табылады, барлығы 637 бала тасымалданды, өтемақы сомасы 10,7 млн теңгені құрады.
 
Келу бойынша екінші орында «Алматы» бағыты, барлығы 561 бала тасымалданды, өтеу сомасы 31,9 млн.теңгені құрады.
 
Үшінші орында Каспий жағалауы, өткен жылы мұнда Kids go Free бағдарламасы аясында 350-ден астам бала демалды, өтемақы сомасы 25,5 млн теңгені құрады.
 
Ақтау қымбат тұратын турпакеттер саны басым бағыт болып қалады, атап айтқанда 1 000 000 теңге құнынан жоғары.
 
Анықтама: Kids Go Free бағдарламасы аясында 2022 жылы 373 млн.теңге сомасына 692 тур жүзеге асырылған, олар бойынша 1430 бала ұшып кетті, өтемақы сомасы 76,2 млн. теңгені құрады.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.