Қазақстан мен Румыния: авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту

Қазақстан жаңалықтары
02.02.2024
16:20
Қазақстан мен Румыния: авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту
Қазақстанның көлік министрі Константа қаласында Румынияның ұшу қауіпсіздігін тергеу және талдау басқармасының бас директоры Кристиан Текучаномен кездесті, деп хабарлайды Travelpress.kz.  

Бұл туралы "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Кездесуде авиациялық оқиғаларды тергеудің үздік еуропалық әдістері мен тәжірибесін енгізу мәселелері қаралды.

Румын тарапы авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі уәкілетті органның қызметі мен құрылымы туралы презентация ұсынды борттық өздігінен жазатын құралдардың, сондай-ақ әуе кемесіндегі объективті бақылаудың арнайы құралдарын талдау және шифрын ашу жөніндегі орталықтың жұмысы көрсетілді. 

Румынияның ұшу қауіпсіздігін тергеу және талдау басқармасы - әуе көлігіндегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу функциялары жүктелген дербес және жеке мекеме. Қаржыландыру жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алым есебінен жүзеге асырылады. 

Жеке тергеу ұйымының басты артықшылығы функционалдық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, білікті кадрларды қабылдау үшін жағдай жасау, тиімді тергеу жүргізу және ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкестігі болып табылады.   

Кездесу қорытындысы бойынша авиациялық оқиғаны тергеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе және техникалық рәсімдермен алмасуға, еуропалық оқу орталықтарында тергеушілердің біліктілігін бірлесіп арттыруға келісті.
 
 
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.