Қазақстан мен Қытай туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

Қазақстан жаңалықтары
04.11.2024
10:56
Қазақстан мен Қытай туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ
Қазақстан мен Қытай туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев Қытайдың Турфан муниципалды халық үкіметінің мэрі Кейсел Кейюммен кездесті. Тараптар келіссөз барысында туризм саласындағы екіжақты әріптестікті одан әрі дамыту әлеуетін талқылады.

Комитет төрағасы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда өзара іс-қимылдың маңызын және туризм саласындағы ынтымақтастық екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. 

«Турфан қаласымен ынтымақтастық бізге туризм саласында тәжірибе алмасуға және өзара тиімді жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз елдеріміздің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған екіжақты жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырамыз», - деді Нұртас Кәріпбаев.

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.