Қазақстан Еуразия мен Орталық Азияда MICE туризмін дамытуда жетекші орынға ие болды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі мәлім етті.
Халықаралық конгресс және конвенция қауымдастығы (ICCA) MICE туризмі бойынша әлемдегі елдер мен қалалардың жыл сайынғы рейтингін жариялады.
Статистикаға сүйенсек, Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштерін жақсартып, әлемдік рейтингте 80-орынға шықты. Статистика кем дегенде 50 делегаттың қатысуымен тұрақты түрде өтетін жәнеүш ел арасында кезектесіп өткізілетін халықаралық бірлестіктердің іс-шараларын есепке алады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміз халықаралық бірлестіктердің 13 іс-шарасынөткізді. Бұл шараларға 4 196 делегат қатысты, олардың әрқайсысының орташа есеп-шоты 1,438 АҚШ долларын құрады.
Жаһандық рейтингтің үздік бестігіне дәстүрлі түрде АҚШ (690 іс-шара), Италия (553 іс-шара), Испания (505 іс-шара), Франция (472 іс-шара) жәнеГермания (463 іс-шара) кірді.
Қазақстан Еуразия және Кавказ елдері арасында 2-орынға ие болып, Орталық Азия елдері арасында абсолютті көшбасшы атанды. Ал, Еуропа елдері сегментінде Қазақстан 36-орынға ие болды.
ICCA рейтингі қалаларды да бағалайды. Осылайша, тізімге Алматы (6 іс-шара өткізілген) және Астана (халықаралық бірлестіктердің 5 іс-шарасымен) қалалары енді.
MICE туризмі соңғы жылдары Қазақстандағы туризмнің басым түрі болып келеді. Жаһандық MICE туристік нарығы жыл сайынғы 7,5% өсіммен 725 миллиард АҚШ долларына бағаланады.
Бұл жетістік туралы өз пікірін «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Садуақасов білдірді.«Ұлттық компания өз қызметі шеңберінде туристік бизнес өкілдерімен, әкімдіктермен және басқа да мүдделі тұлғалармен бірлесіп, жыл сайын кемінде 10 халықаралық бірлестіктердің іс-шаралары өткізуге өтінім береді. Сонымен қатар, шамамен 10 конференция елшілерін де тағайындайды.
Қазақстанға халықаралық іс-шараларды тарту мақсатында ұлттық компания MICE туризм елшілерінің бағдарламасын іске қосты. Ол жергілікті ірі шара ұйымдастырушыларын қолдауға бағытталған.
Бүгінде Қазақстанда 30-ға жуық MICE туризм елшісі тағайындалды. Бағдарлама 2022-2023 жылдар аралығында жүзеге асырылуының арқасында қазірдің өзінде жемісін беруде. Елімізде халықаралық бірлестіктердің 4 іс-шарасы өткізілді. Жұмысымыздың нәтижелері бойынша біз 2024 жылы 4515 шетелдік делегат қатысатын 6 ауқымды іс-шараны өткізу құқығын жеңіп алдық.
Алайда, мұнымен қатар, елге үлкен шараларды тартуға кедергі болатын бір маңызды жайт бар. Бұл инфрақұрылым, яғни жаңа конгресс-холлдар мен сыйымдылығы жоғары көрме орталықтары ашылса, біз бұдан да көп халықаралық іс-шараларды өткізер едік. Сондай-ақ, бұл мәселеде қонақүйлердегі нөмірлердің жетіспеушілігін атап өткен жөн. Бұл, әсіресе, туристік бағыт ретінде даму әлеуеті зор қалаларға қатысты».
MICE – іс-шаралардың төрт негізгі бағытынбіріктіретін аббревиатура: Meetings – корпоративтік кездесулер мен іс-шаралар; Incentives – ынталандыру немесе мотивациялау турлары, Conferences – конференциялар, конгресстер, конвенциялар, форумдар, семинарлар және т.б.; Exhibitions – көрмелер.
Халықаралық Конгресс және Конвенция Ассоциациясы (ICCA) 1963 жылы құрылған және мүшелеріне әлемдегі ең ірі кәсіби қызметтер мен оқиғаларды басқару компаниялары кіретін жалғыз бірлестік болып табылады. Өз кезегінде жылсайынғы рейтинг 1995 жылдан бері жарияланып келеді. Штаб-пәтері Амстердамда, Нидерландыда орналасқан. ICCA-ның 92 түрлі елде 1154-тен астам мүшесі бар. «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ 2019 жылдан бастап ICCA мүшесі болып табылады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.