Қайрат Сәдуақасов Қазақстанның туризмді дамыту индексінде жоғарылау себебін түсіндірді

Қазақстан жаңалықтары
23.05.2024
19:30
Қайрат Сәдуақасов Қазақстанның туризмді дамыту индексінде жоғарылау себебін түсіндірді
"Kazakh Tourism" ҰК " АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов 2023 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат және туризмді дамытудың жаһандық индексінде Қазақстан 119 елдің ішінен 52 орын алуының басты себебін түсіндірді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл  туралы "Kazakh Tourism" ҰК " АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
 
Қайрат Серікұлының айтуынша, бірінші кезекте, туризмнің тұрақты дамуы есебінен қол жеткізілді. Экологиялық тұрақтылықты, әлеуметтік-экономикалық әсерді және сұраныстың тұрақтылығын бағалай келе осы санатта Қазақстан 40-шы орынға ие болды. World Economic Forum зерттеушілерінің пайымдауынша, Қазақстан туризм саласындағы мәселелерді тез шешіп, әлеуетті тәуекелдерді белсенді түрде жоюға тырысады екен.
Қазақстан барынша ашықтығы және бәсекеге қабілеттілігі жағынан "туристік сала саясаты және жағдай жасау" жіктемесінде 43-ші орынға ие болды. Бұл чарт туризмге саяси және стратегиялық аспектілердің әсерін көрсетеді.
 

"Қазақ туризм" басшысы оның ұжымы табиғи, мәдени ресурстарды сауатты басқаратынын мақтанышпен атап өтті. Осы драйверлердің арқасында Қазақстанға "туристік ресурстар"рейтингінде 44 орын берілді."Қазақстан "қолайлы орта" шкаласы бойынша 47-ші тұр. Бұл дегеніміз Қазақстанда бизнес-ахуал, еңбекті қорғау, денсаулық сақтау, еңбек ресурстары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеткілікті дамыған. Осылайша, инвесторлар біздің елде өз қызметін қауіпсіз жүргізе алады", - дейді Қайрат Сәдуақасов.

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.