Іле Алатауында жағдайы нашарлаған туристтерге көмек көрсетілді

Қазақстан жаңалықтары
10.05.2024
10:30
Іле Алатауында жағдайы нашарлаған туристтерге көмек көрсетілді
Іле Алатауы тауларында жағдайы нашарлаған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке келді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
 
9 мамырда 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына(3450 м) көтерілген. Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған.

Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілді. Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды тасымалдауға кірісті.

Туристерді РЖҚЖ көлігі тұрған жерге жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.