Енді Алматы-Сеул рейстері күнделікті ұшады

Қазақстан жаңалықтары
16.04.2024
11:47
Енді Алматы-Сеул рейстері күнделікті ұшады
Air Astana әуекомпаниясы көктемгі-жазғы кестеге көшті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

2024 жылға арналған көктемгі-жазғы ұшу кестесінде Air Astana танымал тұрақты және маусымдық бағыттарды жаңартады, сондай-ақ бірқатар халықаралық бағыттар бойынша ұшу жиілігін арттырады.

Жаңа маусымда әуекомпания Астана-Сеул халықаралық бағыты бойынша және Астана-Қостанай ішкі бағыты бойынша тікелей рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Жаздан бастап Алматы мен Астанадан Подгорицаға аптасына үш рет жиілікпен маусымдық рейстер жанданады және Астанадан Тбилисиге және Алматыдан Ираклионға да осындай жиілікпен қатынайды.

Жаңа ұшу кестесінде Алматыдан Ташкентке ұшу жиілігі аптасына 14 рейске дейін, Бішкекке 8 рейске дейін және Тбилисиге 9 рейске дейін, Үрімшіге 5 рейске дейін; Душанбеге 4 ретке дейін және Бакуге аптасына 3 ретке дейін ұлғайды. Енді Алматы-Сеул рейстері күнделікті болады. Астанадан Ташкентке ұшу жиілігі аптасына 3 ретке дейін артты.

Рейстердің кестесін нақтылауға және авиабилеттерді әуекомпанияның ресми сайтынан, Air Astana сату кеңселерінен, Ақпарат және брондау орталығынан, сондай-ақ аккредиттелген агенттіктерден сатып алуға болады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.