Елімізде әуежайға жақын салынған ғимараттар қатаң тексеріледі

Қазақстан жаңалықтары
26.01.2024
13:00
Елімізде әуежайға жақын салынған ғимараттар қатаң тексеріледі
Көлік министрлігінде өткен кеңесте Бас көлік прокуратурасы, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен еліміздегі әуежай маңына таяу салынған ғимараттар мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері бүгінгі таңда осындай ғимараттардың нақты санын анықтау үшін әуеайлақ маңындағы аумақта аймақтарға бөлуді белгілеу мәселесіне бастамашылық жасады.

Көлік министрі Марат Қарабаев ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі мемлекеттік орган мен ұйымдардың күш-жігерін үйлестіру мен жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР әуежайларына таяу құрылыс процестерінің барысын қатаң бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ететін тетіктерді әзірлеуді тапсырды.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.