Даниел Сержанұлы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ» Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

Қазақстан жаңалықтары
16.01.2024
12:21
Даниел Сержанұлы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ» Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды
Даниел Сержанұлы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ» Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Даниелдің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.

2017 жылдан бастап («Kazakh Tourism» ҰК» АҚ құрылған сәттен бастап) PR және маркетинг мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерде бас менеджер болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап іс-шаралар маркетингі және арнайы жобалар, туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры болды.

2022 жылдан бастап туристік өнімдерді қалыптастыру, цифрландыру, PR және жылжыту мәселелері бойынша «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарушы директоры лауазымына сайланды және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма құрамына енгізілді.

Ол 1990 жылы 22 наурызда Қарағанды облысында дүниеге келген.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.