Әнші Димаш Құдайберген еліміздің туризмін насихаттайды

Қазақстан жаңалықтары
12.08.2024
13:40
Әнші Димаш Құдайберген еліміздің туризмін насихаттайды
Қазақстан туризмінің ең алғашқы елшісі Димаш Құдайбергенмен алғашқы коллаборация, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
 

"Ел мақтанышы Қазақстанның ең таңдаулы туристік дестинацияларында. Жуырда жаңалықтардан күтіңіздер", - делінген хабарламада.

Жазбаның астына әншінің фанаттары түрлі пікірлер жазды.

 
"Димаш бізді Қазақстанмен таныстырды, ол әр концертінде және әр кездесуде әрқашан Қазақстанға шақырады! Біз Қазақстанға ғашық болдық. Димаштың фанаттары оның Отанын көруге барады. Сондықтан бізде қыркүйек айында Димаштың концертін және Қазақстанның тұмса табиғатын, қонақжай халқын, мәдениетін көруге сапарлап барамыз", - деп жазды әншінің фанаты Ольга Гриченко.
 
"Өзінің мәдениетін, салт-дәстүрін және қазақ жерінің сұлулығын әрқашан мақтан тұтатын тамаша елші, мен Қазақстанға барғым келеді! Мексикадан сәлем", - деп жазды әншінің мексикалық фанаты Nancy Lira.

 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.