Алматыда танымал оңтүстіккореялық телешоудың түсірілімі өтті

Қазақстан жаңалықтары
21.01.2026
09:32
Алматыда танымал оңтүстіккореялық телешоудың түсірілімі өтті

Алматы Оңтүстік Кореядағы ең танымал тележобалардың бірі миллиондаған көрермені бар SBS арнасының «Менің кішкентай бойдақ жігітім» телешоуының түсірілім алаңына айналды, деп хабарлайды Travelpress.kz.



Түсірілімге әйгілі корей актерлері Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су қатысты. Жобаның кадрлары Көктөбеде, Шымбұлақта, Медеуде, Көк базарда, Көлсай көлдерінде және Алматының өзге де көрікті нысандарында түсірілді. Бағдарлама 2026 жылы ақпан айының басына SBS телеарнасынан эфирге шығады деп жоспарланған.


 

Жобаның режиссер-операторы Алматының өзіне ерекше әсер қалдырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қалалық орта мен табиғаттың үйлесімі, таза ауа мен әдемі көрінісі Алматыны өзге туристік бағыттардан ерекшелейді.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.