Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында топ-менеджердің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Осыған қатысты Алматы әуежайдың баспасөз қызметі пікір білдірді.
Әуежайдың баспасөз қызметі, Алматы халықаралық әуежайы жүргізіліп жатқан тергеу аясында уәкілетті органдармен бірлесе жұмыс істеп жатқанын растады.
Сонымен қатар Уфук Серттің ұсталмағанын және жалпы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
Тергеу аяқталғаннан кейін толық ақпарат беріледі.
Айта кетейік, желтоқсан айының басында Алматы әуежайының екі бірдей топ-менеджері өз қызметінен кеткен болатын.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.