15 наурызда Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл шешім республикалық референдумның өткізілуіне байланысты қабылданып отыр.
Тегін жол жүру автобус, троллейбус және метрополитен сынды қалалық қоғамдық көліктің барлық түріне қатысты. Жолаушылар оны күні бойы жолақы төлеу тәсіліне және пайдаланылатын электронды билет жүйесіне қарамастан пайдалана алады.
Бұл шешім қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау және дауыс беру күні Алматы бойынша еркін қатынауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
