«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Сиань қаласы мэриясының (ҚХР) басшылығы ҚХР-дан Алматыға алғашқы туристік пойызды іске қосу бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Тараптар 2024 жылғы 26 маусымда Сиань қаласынан құрамды іске қосуға және оның 1 шілдеде Алматыға келуін ұйымдастыруға келісті.
Құрамында 246 жолаушы жеткізетін 9 вагон болады деп жоспарлануда. Пойыз Қорғас — Алтынкөл шекара өткелі арқылы өтетін болады.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.