Өзбекстанмен шекарада контрабандаға арналған 130 метрлік жер асты туннель табылды

Оқиғалар
20.03.2024
13:15
Өзбекстанмен шекарада контрабандаға арналған 130 метрлік жер асты туннель табылды
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті заңсыз көші-қон және контрабанда үшін пайдаланған жер асты туннелінің табылғанын жариялады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы kaktus.media сайты жазды. 

Жер асты жол Жалал-Абад облысының Созақ ауданында орналасқан. 

Ведомствоның хабарлауынша, туннельдің тереңдігі 15 метр,ал ұзындығы 130 метрге жетеді. Қырғызстан шекарасына дейінгі қашықтық - 50 метр. Жер асты жолының биіктігі 1 метр 70 сантиметр.
 

"Туннель көршілес Өзбекстан шекарасына жақын орналасқан Созақ ауданының Бек-Абад ауылының тұрғынының үйінен табылды", - деп атап өтті Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік  комитеті.


  
Контрабандалық арнаны ұйымдастырды деген күдікпен 37 жастағы тұрғын ұсталды. Ол туннелді контрабанда және заңсыз көші-қонға пайдаланған.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.