Құтқарушылар Алматы тауларында адасып кеткен туристерді 7 сағат іздеді

Оқиғалар
09.09.2024
17:25
Құтқарушылар Алматы тауларында адасып кеткен туристерді 7 сағат іздеді
Қарасай ауданы Үлкен Алматы тауларында 7 адам кеше таңертең таулы жорыққа шығып, қараңғы түскенге дейін уақытқа қарамай, адасып кетті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Саяхат кезінде екі турист өзін жайсыз сезініп, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.


Құтқарушылар тобы бөлініп, құтқару жұмыстарын жаяу жүргізді. Бұл іздестіру жұмыстарын қиындатты. 

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы тәуліктің түнгі мезгілінде төмен температурада күрделі жартасты бедерде іздестіру жүргізіп, туристерді 7 сағаттан соң тапты. Туристер қатты шаршап, тоңып қалған.

«Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірге оқиға орнына жедел түрде барды. Туристерді Алматы қаласына эвакуациялап, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.