Келімсектер қаланың әртүрлі нысандарынан табылды.
Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.
«Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 16 шетелдік азамат ПД-ның қабылдап-тарату орнына орналастырылды, Африка елдерінен келген тағы 8 азаматты Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын басқа да бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.