2026 жылдың тоғыз айында туризм саласының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 1 трлн 319 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68%-ға көп. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды TravelPress.kz.