09.11.2024
21:41:06
ru
kz

Вьетнам мен Қытайды жоғары жылдамдықтағы теміржол қосады

Шетелдік жаңалықтар
16.04.2024
11:00
Вьетнам мен Қытайды жоғары жылдамдықтағы теміржол қосады
Вьетнам 2030 жылға дейін астанасы Ханойды Қытаймен байланыстыратын екі жоғары жылдамдықты теміржол желісін салуды бастағысы келеді, деп хабарлады елдің жоспарлау және инвестициялар министрлігі. Бұл ауқымды жоба екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты күшейтпек, деп хабарлайды Travelpress.kz.

CNN жазуынша, Қытай - Вьетнамның ең ірі сауда серіктесі және оның өндірістік секторы үшін импорттың ең маңызды көзі болып табылады. Екі ел қазірдің өзінде әсіресе Вьетнам жағы автомобиль жолдары жүйесі ескірген және жаңартуды қажет етеді.


Жоспарланған жоғары жылдамдықты желілердің бірі Солтүстік Вьетнамның Куангнинь және Хайфон порттарынан Ханой арқылы Қытайдың Юньнань провинциясымен шектесетін Лао Кай провинциясына өтеді, делінген министрліктің жасаған мәлімдемесінде.
 
Тағы бір бағыт Ханойдан Қытайдың Гуанси аймағымен шектесетін Лангшон провинциясына, көптеген қытайлық инвесторларға тиесілі әлемдік компаниялардың өндіріс орындарымен тығыз байланыстағы аймақ арқылы өтеді.
 
Дегенмен, жоспарлау және инвестициялар министрлігі бұл жоба жайлы әлі толық ақпарат берген жоқ.
 

 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.