Beautiful Destinations атты әлемге әйгілі әлеуметтік желі Қырғызстанның тұмса табиғаты туралы таңғажайып бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Миллиондаған қаралым жинаған бұл бейнежазба осы елдің көрікті жерлерін көрсетеді.
Видеода таңғажайып тау пейзаждарынан бастап ірі көлдер, көне мәдени ескерткіштерге дейін қамтылған. Әрбір кадр көрерменді Қырғызстанның қайталанбас әлеміне апарады.
Бұл бейнеүзік саяхаттаушыларды шабыттандырып қана қоймайды, сонымен қатар елдің туристік әлеуетіне және оның ерекше табиғатына назар аударуына ықпал етеді.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.