16.06.2025
17:39:59
ru
kz

Бангкокта қуатты жер сілкінісі болды

Шетелдік жаңалықтар
28.03.2025
14:13
Бангкокта қуатты жер сілкінісі болды
Мьянма мен Таиландта күшті жер сілкінісі болып, Бангкокта көпқабатты үй қирады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы “ҚазАқпарат” сайты жазды. 

Таиланд астанасында 7,7 балдық күшті жер сілкінісінен кейін ғимараттар сілкініп, адамдарды эвакуациялау жарияланды.
АҚШ-тың геологиялық қызметі мен неміс геоғылыми орталығы GFZ хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Мьянмада, Таиландтың Ратчабури провинциясына жақын жерде, 10 шақырым тереңдікте болған. 

Бангкок ауданында 17 млн-нан астам адам бар олардың көпшілігі көпқабатты үйлерде тұрады. Салынып жатқан көпқабатты ғимараттардың бірі опырылып құлаған. 

Дабыл сағат 13:30-да қағылды. Зәресі ұшқан тұрғындар мегаполистің халық тығыз орналасқан орталығындағы көпқабатты кондоминиумдар мен қонақүйлердің баспалдақтарымен эвакуацияланды. 

Жер сілкінісінен кейін бірнеше минут бойы адамдар күн сәулесінен көлеңке іздеп көшелерде қалды. 
Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жер сілкінісі салдарынан көпқабатты үйлердің төбесінде орналасқан бассейндерден су көшелерге атқылаған.
 
 
 
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.